Біз туралы

Күткенiзден асар корытынды

«Тотал Сервис» ЖШС басымдықты мақсаттарының бірі Павлодар мұнай-химиялық зауыты өндірістік-өнеркәсіптік секторының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылатын технологиялық бағытталған, серпінді дамып отырған компания болып табылады. Компания құрылған кезден бастап өзінің өндірістік базасын және коммерциялық қызметі саласын жоспарлы түрде жетілдіріп келеді.

Құрылған кезден бастап бір жыл ішінде компания, өздерінің өндірістік көрсеткіштеріне  жоғары планканы орнатты және 20% астам пайда табу- есептік қаржы көрсеткіштерін бекітті. 

«Тотал Сервис» компаниясының  өндірістік құрамына шамамен 800 адам жұмыс істейтін 3 ipi цех, ондаған бағыныстағы ведомстволық учаскелер кіреді. "Тотал Сервис" ЖШС ұзақ мерзімдік келісімшарттар негізінде энергетикалық сектордың ipi өндірістік компанияларымен табысты жұмыс істейді.

Компания құрылыс нарығына шығу және өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық жабдықтарына қызмет көрсету үшін қажетті даму қарқынын ұлғайту жолымен индустриялдық секторға сервистік техникалық қызмет көрсететін үздік сервистік кәсіпорынның бірі ретінде тұрақты орын алуға ұмтыла отырып, дамып келеді

Сапа

Жиынтықтылығы

Бәсекеге қабылетілігі

Жеделдігі

Дамуы

Қоршаған ортаны қорғау

Маркетинг

Брендтеу

Денсаулық сақтау

Кері байланыс

Орталық Азия өңірінде қаржылық табыстылыққа және компания қызметкерлерінің қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына ұмтылу жолымен, мұнай-химия саласына кең бейінді сервистік қызмет көрсететін жетекші компаниялардың бірі болу - "Тотал Сервис" ЖШС қызметінің басымды мақсаты болып табылады

Командасы


Компания өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі саласын қолдауға қажетті табысты, әрі жауапты сервистік қызмет көрсетуші ретінде көрсете білді. 

arrow_upward