Жөндеу-механикалық қызметтері


Закажите консультацию

Кеңес алу

Сондай-ақ біздің компанияның құрамына  «ПМХЗ»ЖШС барлық бөлімшелерінің  және басқа ұйымдардың пайдалану дайындығын қамтамасыз ететін  Өндірістік –Жөндеу Базасы кіреді. Нарықтық қатысу үлесін  арттыру басым болып табылатын “Тотал Сервис”ЖШС даму стратегиясын ескере отырып,төмендегі қызметтерді көрсетуге дайынбыз:

Өнеркәсіптік жабдықтардың механикалық бөлігін және технологиялық қондырғыларды жөндеу

Көтергіш-көлік жабдықтарын монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Стандартты емес жабдықтар мен металл құрылмаларды жасау

Сорғылық-компрессорлық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету

Қазандық-дәнекерлеу жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету

Бітеуіш, сондай-ақ бекіту арматураларын жөндеу және қызмет көрсету

Металкескіш білдектерді жөндеу

Бөлшектерді механикалық өңдеу

Жөндеу-механикалық базасының  технологиялық жабдықтары құрамына мыналар кіреді: металл өңдеуші, термикалық, жүк көтеру және  химиялық фосфаттауға арналған   жабдықтар.  Біздің компанияның техникалық жабдықтарының арасында  алдыңғы қатарлы білдектердің төмендегі түрлері ерекше орын алады:

сорғылар консольін қарқынды баланстауға арналған КОМПАКС стендтік жүйесі

домалау мойынтіректерінің жай-күйін тексеруге арналған КОМПАКС стендтік жүйесі

SM 750 және SOM 800 бекіткіш арматураны жөндеуге арналған тік білдек

Бекіткіш арматураны сипаттайтын сынау стенді

Токарлік координатты жонғыш білдек

Серіппелерді теңеуге арналған стендті білдек

Токарлік бұрама кескіш білдек

Плазмалы кесетін білдек

Жаймаилекті майыстыру білдегі;

Айналдырғы білдек

Ажарлау білдегі

Жоңғылау білдегі

arrow_upward